АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 20 Сәуір 2024 09:30

«Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионаты

2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионаты өтті.

Жарысқа 10 қаладан 11 команда қатысты:

  • Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы;
  • МО ББ «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК командасы;
  • «Абылай хан» атындағы Қызылорда жоғары колледжінің командасы;
  • Шахтинск технологиялық колледжінің командасы;
  • Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің командасы;
  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Шәкәрім жоғары колледжінің командасы;
  • Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы;
  • Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің командасы;
  • «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжінің командасы;
  • БҚО ӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің» командасы;
  • «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің командасы;

Қатысқан командалардың әрқайсысы өздерінің жоғары дайындық деңгейлерін көрсетті.