АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 20 Сәуір 2024 09:47

«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионаты

2024 жылғы 17-19 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 5 студент қатысты:

Смакова Аимгуль Армановна – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушысы;

Чересленко Раиса Васильевна – Щучинск қ., Жоғары педагогикалық колледжінің білім алушысы;

Әшірбаева Назерке Нұрғалиқызы – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білім алушысы; 

Бокенова Жанерке Руслановна – Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің білім алушысы;

Әзікен Еркегүл Өмірзаққызы – «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің білім алушысы; 

«WorldSkills» чемпионатына қатысу білім алушыларға кәсіби дағдыларын дамытуға, оқытудың ең соңғы әдістерін меңгеруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.