АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 20 Сәуір 2024 09:49

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионаты

2024 жылғы 17-19 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» аймақтық чемпионаты өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2024» өңірлік чемпионатының қатысушылары:

Яшкина Екатерина Игоревна – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушысы;

Лузай Яна Николаевна – Щучинск қ., Жоғары педагогикалық колледжінің білім алушысы;

Қиззат Райхан Мұратқызы – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білім алушысы;

Грозовская Ирина Алексеевна – Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің білім алушысы;

Матвиенкова Ангелина Николаевна – «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің білім алушысы;

Осы чемпионаттың арқасында білім беру сапасының деңгейі артып, білім алушылар табысты даму және білім алу үшін жақсы мүмкіндіктерге ие болады.