АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 30 Сәуір 2024 12:40

«Достық арбаты»

2024 жылғы 30 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында, «Достық арбаты» өтті. Іс-шараны ұйымдастырумен кураторлар және колледждің тәрбие бөлімі айналысты.

Кураторлар білім алушылар тобымен бірге ұлттық тағамдардан, дәстүрлі киімдерден және түрлі халықтардың мәдени мұрасының басқа элементтерінен тұратын ұлттық дәстүрлердің алуан түрлілігін көрсетті. Бұл іс-шара мәдени әртүрлілік пен өзара сыйластықтың жарқын көрінісі болды.  

«Достық арбаты» қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар жарияланды:  

  • Гран-при - УИА-12 тобы, Садуова С.А. кураторы, корей мәдениетімен таныстырды.
  • 1 орын - БА-11 және ПБ-12А топтары, Усина С.С. және Ибраева Г.Е. кураторлары, татарлар мәдениетімен таныстырды.
  • 2 орын - ТЖ-11Б және ПВ-12 топтары, Бекжанова М.Е. және Бекназар А.Б. кураторлары, ұйғырлар мәдениетімен таныстырды.
  • 3 орын - МНО-12А тобы, Сыздыкова А.А. кураторы, поляк мәдениетімен таныстырды.