Колледж қызметінің маңызды кезеңі түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады. Негізгі қызмет бағыты жүйесін құру және дамыту ол студенттер мен колледж түлектерінің жұмысқа орналасуларына және олардың еңбек нарығына бейімделуіне жәрдемдесу.
С 2008 - 2016 жыл аралықтарында колледж бес мыңнан артық оның ішінде 80% мамандықтары бойынша жұмыс істейтін түлектерді шығарды.
Түлектерді жұмысқа орналастыру жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ақпараттық қамтамасыз ету : еңбек нарығының мониторингісі, осы саладағы мамандардың қажеттілігін зерттеу; білім алушыларды таныстыру, түлектерді еңбек нарығымен, жұмысқа орналастыруда нақты мәселелерді шешуге жәрдемдесу; студенттерге бос жұмыс орындары туралы хабардар ету, жұмыс берушілермен кездесуге психологиялық дайындық;
2) жергілікті өзін өзі басқару органдарымен әлеуметтік әріптестік, жұмыспен қамту қызметі, білім мекемелерімен, бағыттар бойыншажұмыс берушілермен : жұмыс берушілердің өз мекемелерінде жұмыс барысында көргісі келетін мамандардың қалаулы қасиеттері туралы сауалнамасы; мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану; жұмыс берушілермен кездесулер; бос орындар жәрмеңкелеріне қатысу; қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен тұрақты өзара іс-қимыл (бос орындарға сұраныс,кездесулер т.б);
3) білім алушылар мен түлектердің жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу: түлектердің (дерек қорын) тізілімін қалыптастыру; колледжбен қызметтес кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыптастыру тізілімі, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, Түлектердің жұмысқа орналастыру мәселелері және еңбек нарығы бойынша консультациялар беру; жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (бос орындар жәрмеңкесін, жұмыс берушілермен және жұмыспен қамту қызметінің өкілдерімен «дөңгелек үстел» , мамандықтар презентациясы).