АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 02 Мамыр 2024 13:02

«Бірге кітап оқиық» атты іс-шара

2024 жылғы 29 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жатақханасында, «Оқуға құштар колледж» республикалық жобасы аясында, «Бірге кітап оқиық» атты іс-шара өтті.

Бұл іс-шара оқу мәдениетін дамытуға және колледждің академиялық қауымдастығын нығайтуға бағытталған. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті, оқылған шығарманы талқылады және өз ойлары мен идеяларын білдірді.