АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 03 Мамыр 2024 05:07

«Педагогикалық бағыт» әдістемелік бірлестігінің отырысы

2024 жылғы 3 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Ақмола облысы колледждері оқытушыларының «Педагогикалық бағыт» әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырысқа облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, Ақмола облысының педагогикалық бағыттағы ӘБ оқытушылары қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты білім берудегі жаңа тиімді әдістемелер мен тәсілдерді енгізу үшін Ақмола облысының педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестігі оқытушыларының табысты инновациялық тәжірибесін біріктіру болып табылады.